spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қазақстанда VIII Республикалық әкелер форумы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз
Астанада «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында  VIII Республикалық әкелер форумы өтті. Форумға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінің өкілдері, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ «Әкелер одағы» РҚБ делегаттары қатысты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Форумның мақсаты әкелер институтын дамыту, отбасылық құндылықтар және өскелең ұрпақты тәрбиелеу саласында жаңа тәсілдерді насихаттау және қалыптастыру болып табылады.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Е. Кочетов:

«Әкелер институтын қолдау мен оны дамыту Министрліктің тұрақты назарында. Жыл сайын әкелер форумдарын республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өткізу жақсы дәстүрге айналды. Балаларымыз лайықты азамат болып өсіп, ұлт болашағы жарқын болуы үшін ұрпақ тәрбиесіне бүгіннен ерекше көңіл бөлу қажет» – деп атап өтті.

Іс-шарада «Орталық Азияның ер-азаматтары» кітабының тұсаукесері өткізілді. Бұл әңгімелер жинағында авторлар қазіргі қоғамдағы ер азаматтарға тән қасиеттер мен әке болудың әртүрлі қырлары туралы айтылған. Бұл жинақ БҰҰ халық қоныстану саласындағы қоры (UNFPA) шығарған «Ерлерге арналған нұсқаулық. Саналы әке қандай болу керек» атты әдістемелік құралына бейімделіп жасалған.

Одан бөлек, форум аясында «Адал азамат» тұжырымдамасын дамыту мәселелері талқыланды. Іс-шараға қатысушылар адал азаматтың қасиеттері, отбасының заманауи бейнесін қалыптастырудағы БАҚ рөлі, ерекше бала тәрбиелеудегі әке мен ата-ананың рөлі және басқа да маңызды тақырыптарды талқылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша әкелер институтын дамыту және осы саладағы қордаланған мәселелерді шешу жөнінде ұсынымдар мен сарапшылар пікірлерінің жиынтығы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға орындау үшін жолданатын болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img