Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бұланды ауданында болды, өңірдің өндірістік және әлеуметтік нысандарын аралады.
Сапар қала құраушы «Макинск құс фабрикасы» ЖШС кәсіпорнына барудан басталды. Негізгі қызмет түрі – құс, асыл тұқымды құс пен жас малды өсіру, өнімді өңдеу және консервілеу. Жобаның өндіріс көлемі мен қолданылатын технологиялар бойынша Орта Азия аумағында баламасы жоқ. Фабрикада құс өсірудің заманауи әдістері, жоғары тиімді құрама жем өндірісі қолданылады. Тағы бір айырмашылық – етті сою мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесі. Өндірістік қуаттылығы жылына 90 мың тоннаға жуық құс етін құрайды. Өнімдер Қырғызстанға, Өзбекстанға және Ресей Федерациясына сатылады.
Өңір басшысы сондай-ақ базальт жыныстары негізінде жылу оқшаулағыш материалдар өндіретін «Макинск Жылу оқшаулау зауыты» ЖШС-де болды. Қысқа уақыт ішінде аудан экономикасында жетекші орынға шыққан кәсіпорын 2019 жылы пайдалануға берілді.
ЖШС өкілі Нұрлан Тілеубаев кәсіпорын жылына 34 мың тоннаға жуық инженерлік минералды жүн плиталарын шығаратынын, олар тұрғын үй және өнеркәсіптік ғимараттары құрылысында, сондай-ақ жылыту жүйелері саласында кеңінен қолданылатынын атап өтті.
«Бүгінгі таңда зауытта 170 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын тәулік бойы жұмыс істейді. Өндіріс толығымен автоматтандырылған. 2025 жылға дейін қуаттылығын жылына 50-55 мың тоннаға дейін ұлғайтып, зауытты жаңғырту, жаңа жұмыс орындары, ассортиментті кеңейту және жалақыны көтеру жоспарланып отыр», – деді Н.Тілеубаев.
Облыс әкімі бұл өндірістің құрылыс компанияларының сұранысын қанағаттандыру үшін жеткілікті әлеуеті мен қуаты бар екенін атап өтті.
Келесі нысандар – «Арна АҚК» ЖШС, «Бота–2015» ЖШС.
«Арна АҚК» ЖШС-нің өндірістік қуаты 120 мың тоннаны құрайды. Қызметтің негізгі түрі – ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне астықты қабылдау, кептіру, тазарту, сақтау және жөнелту бойынша қызметтер көрсету.
«Бота 2015» ЖШС күнбағыс пен рапсты, сондай-ақ зығыр, соя және мақсары өңдеуге бағытталған. Өңдеу қуаты тәулігіне шамамен 600 тонна май тұқымын құрайды. Майларды алу процесі толығымен автоматтандырылған, өнімдер Қытайға, сондай-ақ Тәжікстанға, Өзбекстанға экспортталады.
Облыс басшысы ауданда қолдау қажет ірі кәсіпорындар табысты жұмыс істейтінін атап өтті.
Одан кейін Марат Ахметжанов мектеп-гимназиясы мен аудандық ауруханада болды.
Оқу орнында 1040 жуық оқушы оқиды. Мектептің жақсы материалдық-техникалық база қалыптасқан. Ағымдағы жылы күрделі жөндеу жүргізілді, Қабырғаларды қаптау, терезелерді ауыстыру, шатырды жөндеу, жылыту және желдету жүйелері, сыртқы кәріз желілері, электр жабдықтары мен жарықтандыру жүйелері бойынша жұмыстар орындалды.
Аудандық аурухана амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсетеді. Тәулік бойы 87 төсектік стационар, 394 келушіге арналған емхана жұмыс істейді, сондай-ақ ауданда 6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт бар.
Өңір басшысы 1 мыңнан астам тұтынушыны жылумен қамтамасыз ететін №1 блок-модульдік қазандықтың жұмысымен танысты. Қазандық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Марат Ахметжанов Бұланды ауданын дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.