spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

АҚМОЛАЛЫҚ ҰСТАЗ ОҚУШЫЛАРЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА АТА КӘСІПТІ ҚҰРМЕТТЕУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде өмірдің өзі өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу бағытын басымдық ретінде алға тартты. Қыркүйек айында бекітілген Бірыңғай тәрбие бағдарламасы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеуге бағытталған.
Тарих пәні мұғалімі, педагог-эксперт Асылбеков Азамат Шерниязұлы Жақсы ауданы, Белағаш ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Жас ұрпақты өлкетану тарихымен таныстыра отырып, туған жерге деген отаншылдық сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында ұстаз мектепте 2014 жылы тарихи-өлкетану мұражайын ашты.
Азамат Асылбековтың хоббиі де, әуестігі де – ата бабаларымыздан келе жатқан асыл тұқымды жүйрік жылқылар мен жеті қазынамыздағы құмай тазыны өсіп келе жатқан жас ұрпаққа дәріптеу болып табылады. Сол себептен ол өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын насихаттайтын, спорт мәдениетін дамытуды қолдайтын, сондай-ақ отансүйгіштік пен ұлттық қоғамдастық сезіміне ықпал ететін «Мұрагер» клубын ашты. Азамат Шерниязұлы Ресейден асыл тұқымды таза ағылшын жылқыларын әкеліп, баптап бәйгелерге қосады. Олар көптеген жүлделі орындарға ие болған Самал, Ханшайым, Гауһартас атты атақты сәйгүліктер.
Қазіргі күнде де Азамат Шерниязұлы осы ағылшын биелерінен Барқас, Ахилес атты қолтума жылқыларын алып, баптап, бәйгелерге қосуда.
Сонымен қатар ата бабамыздан келе жатқан құмай тазыларды да жүгіртіп, аңшылыққа баулуда. Азамат Шерниязұлы өзінің ұлдарың баулып қана қоймай, сонымен бірге ауыл балаларыңда шабандоздыққа деген қызығушылығын арттыруда. Жыл бойы ауылдың балаларың жинап жас сәйгүліктерді үйретіп баптап, бәйгеге жүгіртуді үйретеді. Сонымен қатар соңғы он жылдықта көптеген шабандоздар бапкерлікке дейінгі ат баптау тәжірибесін үйренді.
«Біз, Белағаш ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушылары бақыттымыз. Азамат Шерниязұлының бойында бәрі бар: мұғалімдік талант, рухани жылулық, ақыл, сезімталдық, шыдамдылық, сарқылмас энергия, рухани шынайылық. Ол бізді өз елінің тарихын білетін, адамдарды құрметтейтін, отансүйгіш нағыз адамдар болуға үйретеді.
Ал мектептен басқа ол жүйрік жылқылар мен қазақ тазымен айналысады. Ол өзінің өмірлік тәжірибесі арқылы ұлттық құндылықтарға негізделген болашақ ұрпаққа тәрбие береді», – дейді 7-сынып оқушысы Данис Хананов.
«Жалпы, жылқыға деген құмарлығым өмірімнің негізіне айналды және осы кәсіпті мақтан тұтамын» – деп қорытындылайды Азамат Асылбеков.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img