spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
25.2 C
Kokshetau

Днепропетровка мектебінің спорт залының жөндеу жұмыстары аяқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөл ауданы Днепропетровка мектебінің спорт залын «Қоржынкөл-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөндеп берді, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Исабеков мәлім етті.

Мектепке бюджет қоржынынан бөлінген 5,3 миллион теңге қаржыға құрылыс материалдары сатып алынған. Ал жөндеу жұмыстарының барлығын жоғарыдағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз мойнына алыпты.

Кәсіпорын жұмысшылары Днепропетровка мектебіндегі спорт залының электр жабдықтарын, терезелер мен ағаш едендерді ауыстырып, қабырғалар мен төбелерді тегістеп, киім ауыстыратын бөлме мен жаттықтырушылар бөлмесін, жылу батареяларын жөндеп берді. Бұл залда мектеп оқушылары дене шынықтыру сабақтарын ғана емес, ауылдың ересек тұрғындарына да түрлі спорттық секциялар ұйымдастырылады. «Қоржынкөл-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Әбілқайыр Ошақбаев мырзаға шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді аудан әкімі Ерлан Исабеков.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика