spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
15.2 C
Kokshetau

Қазақстанда балабақшамен қамту көрсеткіші 89,5% құрайды – сала басшысы

Сондай-ақ...оқыңыз
Балаларын балабақшаға орналастыру үшін ата-аналар енді құжат жинамайды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз конференциясында мәлім етті.

Сала басшысы мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы әзірленіп жатқанын хабарлады.

«Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізу арқылы ата-аналардан құжат жинау қажет етілмейді, барлық деректер автоматты түрде расталатын болады», – деді министр.

Ғани Бейсембаев жариялаған мәліметке сәйкес, бүгінде еліміздегі 11 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйымға 1 миллионға жуық бала барады. Қазір 2-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 89,5% құрайды.

«Орын тапшылығы мәселесін шешу үшін балабақшаларды ашу жалғасады. Биыл 81 мың жаңа орын пайдалануға беріледі», – деп мәлім етті ведомство жетекшісі.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау да назардан тыс қалмаған. Министр 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтылғанын жеткізді.

Сондай-ақ, салаға кәсіби мамандарды тарту бағытында да шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, қыркүйек айынан бастап тәрбишілердің жалақысы 30%-ға арттырылған. Және бұл бағыттағы жұмыстар әлі де өз жалғасын табатын болады, деді министр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика