spot_img
Бейсенбі, Маусым 11, 2026
21.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Зымыран-2023» оқу-жаттығуы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысында жергілікті атқарушы органдармен, облыстық және аудандық азаматтық қорғау қызметтерімен, облыстық, қалалық және аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияларымен, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен аумақтық бөлімшелердің қатысуымен «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары басталды.

Тактикалық оқу-жаттығулар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардың аварияларына байланысты ТЖ туындаған кезде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарының іс-қимылға дайындығы тақырыбындағы міндеттерді орындауға дайындық дәрежесін айқындауға бағытталған.

Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық және карантиндік нормаларды сақтай отырып, екі күн қатарынан нақты уақыт режимінде іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайтын болады.

Оқу-жаттығу аяқталған соң анықталған жетіспеушіліктер сараланып, оларды шешу үшін нақты ұсынымдар даярланатын болады. Бұл өз кезегінде Азаматтық қорғау қызметтерінің дайындық деңгейін арттырып, осындай мәндегі ТЖ орын алған жағдайда ықтимал шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика