spot_img
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
27.2 C
Kokshetau

Абай университеті 12 жаңа білім беру бағдарламасын пилоттық түрде іске қосты

Сондай-ақ...оқыңыз
Абай университеті Финляндия мен Назарбаев Университетінің сарапшыларының қатысуымен «Педагогикалық әлеуетті күшейту» жобасы аясында әзірленген мұғалімдерді даярлау бойынша 12 инновациялық білім беру бағдарламасын пилоттық түрде іске қосты. Аталған бағдарламалар бойынша университет география, физика, математика, информатика, арнайы педагогика, көркемдік білім, музыкалық білім, дене шынықтыру және тарих-әлеуметтік зерттеулер пәндері бойынша жаңа форматтағы мектептердің болашақ мұғалімдерін даярлайды, деп хабарлады ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Соңғы жылдардағы сұраныс магистратураның инновациялық бағдарламаларын құруға түрткі болды, осының негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ Аутизм спектрі бұзылған балаларды қолдау үшін цифрлық және арнайы педагог кадрларын даярлауда.

Жаңа бағдарламаларға барлығы 718 адам қабылданды, оның 63-і магистратура бағдарламаларын таңдады.

Инновациялық бағдарламалардың жаңашылдығы мұғалімдерді даярлау бойынша кең таралған тәсілдер мен оқыту технологияларын қамтиды. Олар мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін дамыту; белсенді оқытуға ықпал ететін студенттерге бағытталған тәсіл мен әдістемелер; мұғалімнің жұмсақ/жалпы дағдыларын дамыту; әртүрлі оқушыларды тану және инклюзия; мұғалімдердің кәсіби дамуы және өзгерістерді басқару; зерттеуге негізделген оқыту; пәнаралық оқыту бағыттарымен ерекшеленеді.

Жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдерін даярлау үшін STEM (Science Technology Engineering and Math) оқыту ортақ технологиясы қолданылады. Жаңа бағдарламаларда пәндерге емес, мұғалімнің еңбек әрекетіне негізделген құзіреттілікке баса назар аударылған. Құзыреттілікке негізделген білім беру бағдарламасының сапасы студентке бағдарлануында және оқу үдерісіне дейін, барысында және одан кейін құзыреттіліктерді бағалау, анықтау және тануда қолданудың ыңғайлылығымен көрінеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Целиноград ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы: нақты нәтиже мен жаңа жоспарлар

Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы ауданның 2025 жылдың алғашқы бес айындағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика