Жастарға есірткінің зияны туралы білім беру үшін құқық қорғау органдары профилактикалық жұмыстың жаңа форматын енгізді.
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында сот және полиция өкілдері есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша ақмола студенттерімен кездесті.
Бірінші оқу айының соңында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот ғимаратында Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің бірінші курс студенттері үшін ашық есік күні өтті.
Сот төрағасы Дариға Оспанова мен судья Айжан Баймужанова жасөспірімдерге есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы айтып, сот практикасынан мысалдар келтірді.
Сондай-ақ, кездесуге Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Разия Курсанова қатысып, есірткі ортасына тартудың қауіптілігі және есірткіге тәуелділіктің тұтынушының өзі мен оның жақын ортасы үшін салдары, сондай-ақ есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Нәтижесінде кездесу өте ақпараттық және танымдық болды. Студенттер судьялар мен полицейдің айтқан әңгімелерені үлкен әсер алды. Әңгіме барысында балалар өз сұрақтарына толық жауап алды.
Жоспарда кәмелетке толмағандармен бірлескен кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады.