spot_img
Бейсенбі, Қазан 24, 2024
7.2 C
Kokshetau

Ақмола облысының екі елдімекенінде жылу және кәріз желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының екі елдімекенінде кәріз желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. «AMANAT» фракциясының депутаттары Шортанды ауданына барып, жұмыс барысымен танысты.

Дамса және Научный ауылдарында биыл жылу желілері мен кәріз жүйелерін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір тиісті шаруаның 90 пайызы орындалады. Тек асфальтбетон жабындарын қалпына келтіру шаралары келер жылға қалады.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Дамсада жылу трассасымен арнайы қазандық салынуы керек. Одан кейін кәріз жүйелері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қайтадан салынып. Екінші мынау научный елді-мекенінде де кәрздік жүйе жұмысы жүріп жатыр. Жаңадан салынып жатыр. Жұмыс барысы кестеге сай жүріп жатыр екен.

Сондай-ақ, депутаттар Научный ауылындағы орта мектепке жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын оң бағалады. Ғимарат 60-жылдарында салынған. Бұған дейін ешқандай жөндеуден өтпеген. Оқушылар 1 қазаннан бастап осы мектепте білім алады.

Айна МЫСЫРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Биыл осы мектепті күрделі жөндеуге 375 млн. теңге бөлінді. Келісімшартқа сәйкес жөндеу жұмыстары 1 қазанға дейін аяқталуы қажет. Құрылыс жұмысы оқу процесіне әсер етпейді. Балалар әзірге музыка мектебінің ғимаратында оқиды.

Шортанды ауданына қарасты екі бірдей ауылдағы нысандарды күрделі жөндеу жұмыстары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асып отыр. Жұмыстың сапасы мен орындалу мерзімін «AMANAT» партиясы өз бақылауында ұстап отыр.

Сағындық ШАБАРОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Екі елдімекен бойынша бізде шамамен 2 млрд теңге бөлінді. Республикалық бюджет қаражатынан «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында. Елдімекенді жылумен жабдықтау бойынша апта сайын жиын өткіледі. Өйткені жоба уақытылы әрі сапалы орындауы тиіс. Оны өзім әрбір апта сайын тексеріп отырамын.

Естеріңізге сала кетейік, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың қабылдауында жергілікті тұрғындардың бірі Шортанды ауданын сумен жабдықтау бойынша мәселе көтерген болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстансаяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі деп жариялады

Достар, сүйінші жаңалық! Әлемдегі жетекші баспа Lonely Planet Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img