spot_img
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
29.2 C
Kokshetau

Сыртқы сауда-саттық рекордтық көрсеткішке жетті – Тоқаев

Сондай-ақ...оқыңыз

Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің мәлімдеуінше, былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында табиғи монополиялар саласында ашықтық пен қоғамдық бақылау күшейтілді

Ақмола облысында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында табиғи монополия субъектілерінің қызметіне бақылау күшейтіліп, тарифтік саясатты реттеу мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика