spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Облыс аумағында 105 табиғи өрт оқиғасы тіркелген

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың қатысуымен «Ақмола облысының аумағында өрт қауіпті кезеңнен өту туралы» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында 2023 жылдың ағымдағы кезеңінде облыс аумағында 105 табиғи өрт оқиғасы тіркелгені, оның ішінде 99 орман және 6 дала өрті екені белгілі болды. Табиғи өрттердің ауданы 4 мың гектардан асты.
Сонымен, 48 жағдайда орман өрттерінің пайда болуының негізгі себептері – найзағайдың түсуі, 24 жағдайда адам факторы және 24 жағдайда өрттің себептері анықталуда. Статистика көрсеткендей, ағымдағы жылы найзағай түсіне байланысты өрттер жиі кездеседі.

«Бүгінгі күні Департамент табиғи өрттерге жедел ден қою мақсатында құрамында 105 адам және 10 бірлік техника бар жиынтық жасақ дайындады, олар тәуліктің кез келген уақытында табиғи өрттерді жоюға шығуды жүзеге асыруға дайын. Департаментпен өрт қауіпті маусымға барлығы 230 бірлік техника, 3 өрт-сорғы станциясы, 231 рюкзакты өрт сөндіргіш, 82 мотопомпалар және 1130 хлопушкалар дайын», – деп атап өтті ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев.

Бұдан басқа, ірі табиғи өрттер туындаған жағдайда, өрттерді жою жоспарына сәйкес азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарынан жалпы саны 196 бірлік техника, 6 пойыз, 915 адам дайындалды.
Ақмола облысының ТЖД облыс азаматтары мен қонақтарына орман қорында өрт қауіптілігінің жоғары класы сақталатынын еске салады, осыған байланысты орман алқаптарына баруды және оларға көлік құралдарымен кіруді шектеу қажет.
Есіңізде болсын! Орман өрттерінің салдары экономикалық тұрғыдан зиян келтіріп қана қоймай, экологияға да ауыр зардаптарын тигізеді.
Адамның кінәсінен табиғи өрттер туындаған жағдайда қолданыстағы заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img