spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалық құтқарушылар балаларды жүзуге тегін үйретеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық құтқарушылар 1 маусымнан бастап балаларды жүзуге тегін үйретпек. Жүзуге үйрету Көкшетау, Щучинск қалалары мен, Бурабай және Зеренді шипажайларында ұйымдастырылады, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар осылайша жазғы суға түсу маусымы кезінде балалардың қайғылы оқиғаларға ұшырамауының алдын алмақ. Балаларға арнайы сабақтар Көкшетау қаласындағы Қопа көлінің жағажайындағы құтқару бөлімшелері ауданында жүргізілетін болады.

Оқыту сабақтары ауа райы қолайлы жағдайда маусым айынан тамыз айына дейін өтпек. Баланы жүзуге жіберу үшін тек денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама қажет. Балалар аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін оқиды. Құтқарушылар барлық балаларды жүзуге үйретуге дайын.

«Жақсы жүзе білу – судағы қауіпсіз демалудың маңызды шарттарының бірі. Оқыту барысында балаларға жүзуді, сондай-ақ судағы төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс көмек көрсетуге үйретеді. Суға түсудегі бастапқы кезекте дұрыс дем алып, суда өзін ұстауды игеру керек. Оқуды жалғыз бастаудың қажеті жоқ. Тек жаттықтырушының, ата – аналардың немесе құтқарушылардың жіті бақылауымен ғана жүзуді үйрену қажет», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей  Советов.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img