spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Ақмола облысында жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жылыту желілері мен жүйелерін жөндеу жұмыстары басталды,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыс әкімдікке сілтеме жасап.

Жылыту маусымына желілерді дайындау үшін биыл 9 миллиард 800 миллион теңге бөлінген. Бұл өткен жылға қарағанда 3 жарым есе артық.

«Көкшетау Жылу» серіктестігі биыл ұзындығы 4 шақырымды құрайтын жылу құбырын жаңартпақ.
Бұл бағыттағы жұмыстарды мемлекеттік бағдарламалар аясында қалалық құрылыс бөлімі де атқаруда. Көкшетау қаласында жыл сайын 10 шақырымнан аса жылу құбыры ауыстырылады.

Десе де, облыс орталығындағы жылу жүйелерінің 50 пайызының тозығы жеткен, – дейді мамандар.

Жыл сайын оларды жаңарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Биыл біз ұзындығы 4 шақырымды құрайтын жылу құбырын жаңартпақпыз. Оның 900 метрі магистральды жүйе болса, 3 шақырымы кварталішілік құбыр. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды жылу маусымына дайындау жұмыстары қатар жүріп жатыр, – дейді «Көкшетау Жылу» кәсіпорны жылу жүйелері басқармасының басшысы Руслан Мәкішев.

Ақан сері, Әуезов және Ғабдуллин көшелеріндегі жылу құбырлары қала бойынша жылу тасымалдағыш негізгі магистральды желі саналады. Биыл осы аумақтағы құбырлар да жаңартылмақ.

Келесі жылу маусымына облыс бойынша 666 қазандықты дайындау қажет. Облыс бойынша 75 шақырымды құрайтын жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар, қазіргі кезде 2300-ден аса тұрғын үйді, 556 денсаулық сақтау және 721 білім беру нысанын жылу маусымына дайындау жұмыстары басталды.

 

Жалпы, Көкшетау қаласы бойынша өткен жылу беру маусымында қазандықтар қалыпты режимде жұмыс істеді. Десе де, Бұланды, Аршалы, Бурабай аудандарында жылумен жабдықтау жүйелерін іске қосуда кемшіліктер анықталған. Облыс бойынша аталған коммуналдық қызмет үшін дебиторлық берешек 1 миллиард теңгеден асқан. Ең көп мерзімі өткен берешек Көкшетау мен Степногорск қалалары және Бурабай, Атбасар, Целиноград, Зеренді аудандарында тіркелген.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында биыл 34 нысан бойынша қазандықты және жылу жүйелерін жөндеу көзделген. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Аудан әкімдерімен онлайн режимде өткен жиында өңір басшысы Ермек Маржықпаев жылу маусымына дайындыққа жауапкершілікпен қарауды қатаң тапсырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img