spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Министрліктер мен ұлттық парк өкілдері ормандарды өрттен сақтау бойынша «Бурабай» МҰТП тәжірибесімен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көшпелі кеңес өтті. Оған ҚР Президентінің Іс басқармасы, экология және табиғи ресурстар министрлігі, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ, Ақмола облысы ТЖ департаменті,  Бурабай ауданы әкімдігі, еліміздің бірқатар ұлттық табиғи парктері мен резерват өкілдері қатысты.

Олар Бармашын орманшылығының жұмысымен жіті танысты. Атап айтқанда, орманның өндірістік базасы және орман өрт станциясы мен антенна-діңгек мұнараларының бірінің жұмысы көрсетілді. Онда бейнебақылау камерасы орналасқан. Ол камера өртті ерте кезеңде анықтап, оның алдын-алуға мүмкіндік береді.  Сондай-ақ, бұл шараға қатысушылар мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жедел басқару орталығына барды. Онда «SMART National Park Burabay» жүйесінің жұмысы кеңінен таныстырылды.

Бұл SMART жүйенің артықшылығы көп. Нақтырақ айтсақ,  диспетчерлер 24/7 режимінде ұлттық парктің бүкіл аумағын қашықтан еш қиындықсыз бақылай алады. Камераларды басқара алады. Көру нүктесін 360 градусқа дейін өзгертіп, кескінді жақындатуға немесе алыстатуға да мүмкіндігі бар. Жүйе жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді, онда түнгі уақытта да көру функциясы бар қуатты оптика және жылу өлшеуіштері де бар. Өз кезегінде бұл функциялар өртті ерте анықтауға және тілсіз жауды тез арада оқшаулап сөндіруге қатысты жедел әрекет ету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

«Бурабай» МҰТП-да өртті ерте анықтаудың «ақылды» электрондық жүйесін енгізу 2020 жылы басталды. Осы уақыт ішінде ол өзінің тиімділігін дәлелдеді. Айталық, 2020 жылы ұлттық парктің 84 гектар орман алқабы табиғи өрттен зардап шеккен болса, келесі жылы – смарт-жүйенің арқасында өрттен зардап шеккен аумақтардың ауданы 4 есеге қысқарып, 20,5 га құрады, ал 2022 жылы бар болғаны 1,3 га зардап шекті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img