«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы: Ақкөл ауданындағы Домбыралы ауылында тауарлы сүт фермасы іске косылды !
Ақкөл ауданында қуаттылығы 300 бас болатын жаңа сүт фермасының құрылысы аяқталып, аймақтың дамуына өз үлесін қосып келеді.
Серіктестік директоры Мәди Есқараевтың айтуынша Германиядан асыл тұқымды сауын сиыр мен қондырғылар жеткізілген. «Мемлекет тарапынан субсидия және жеңілдетілген салық арқылы қолдау күшті. Жылына 500 тонна табиғи сүт өндіріп, Астана, Көкшетау, Павлодар қалаларының сүт зауыттарына өткізуге мүмкіндік туып отыр»,- дейді жас кәсіпкер.
Сүт фермасының құрылысы 2021 жылы басталды. Бір миллиард теңгеден астам сомаға асыл тұқымды ірі қара сатып алынып, сүт өнімдері қарқындынды шығаруда. Өңіріміздегі ірі сүт фермасы тәулігіне 1,5 тонна сүт өндіріп, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр.
«AMANAT» партиясының Ақмола облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының Жол картасына кірген бұл жоба өңіріміздің дамуына тың серпін бермек.