13 тамызда Ақмола облысына қарасты 8 ауылдық округ пен Ақкөл қаласының әкімдерін сайлау өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақолмоладағы 8 аумақтық сайлау комиссияларының қаулыларына сәйкес, 13 тамызға келесі елді мекен әкімдерін сайлау тағайындалды:
– Көкшетау қаласы Красный яр ауылдық округінің әкімін сайлау;
– Ақкол ауданы Ақкөл қаласының әкімін сайлау;
– Аршалы ауданы Түрген ауылдық округінің әкімін сайлау;
– Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округінің әкімін сайлау;
– Жақсы ауданы Калининский ауылдық округінің әкімін сайлау;
– Зеренді ауданы Садовый ауылдық округінің әкімін сайлау;
– Сандықтау ауданы Барақпай, Веселое ауылдық огругтерінің әкімдерін сайлау;
– Целиноград ауданы Мәншүк ауылының әкімін сайлау.
«Сайлау тағайындау туралы, шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды өткізуге дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады», – делінген Ақмола облыстық әкімдігінің сайтында жарияланған хабарламада.