spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетауда көше атаулары өзгертіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қалалық әкімдігінде облыс орталығының көшелерін қайта атау туралы көпшілік тыңдаулар өтті, деп хабарлайды Ақмола облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық ұйымдар, БАҚ және тұрғындардың қатысуымен өткен отрыста Көкшетау қаласының 29 құрамдас бөлігін қайта атау туралы мәселелер қаралды.

Облыс орталығындағы тарихи, идеологиялық тұрғыда атаулары ескірген Демещенко,Гвардейская, К.Цеткина, Королев, Сахаров, Павлов, Пархоменко, С,Ковалевская, Синегорская, Сиреневый, Станиславский, Темирязев, Боговицкий, Тукин сияқты көшелерге белгілі ақын, әнші, композитор Жаяу Мұса, Мәди Бәпиұлы, ағартушы-философ Мәшһүр-Жүсіп, жазушы және әнші Жәнібек Кәрменов, «Алаш» партиясының қайраткері Айдархан Тұрлыбаев, Сұлтанбек Қожанов, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев, ғалым және жазушы, этнограф Ақселеу Сейдімбек, Желтоқсан оқиғаларына қатысушы Қайрат Рысқұлбеков, сондай-ақ хандар мен батырлар – Хақназар хан, Құлеке батыр, Алаша хан, Таңыбай батыр, Құлсары батыр, Ағынтай батыр және басқа да есімдер ұсынылды.

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шұқатова көше атауларын өзгерту бойынша белгілі бір талаптар бар екенін атап өтті.

Ономастика комиссиясының мүшелері республикалық ономастика комиссиясының ұсынылған тізімінен атауларды таңдайды. Оған көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, музыканттар мен композиторлар, дәрігерлер, атақты педагогтардың және басқа да салалардағы тұлғалардың 550-ден астам есімдері кіреді. Президент әкімшілігінің ұсынысы мен тапсырмасына сәйкес дәстүрлі атаулар тізімі негізінде су айдындары мен аумақтардың, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендердің тарихи атауларын ауыстыру қажет, – деп түсіндірді Шұқатова.

Тыңдаулар ашық форматта өтті. Қоғам белсенділері ономастикалық комиссия мүшелеріне нақты сауалдар қойып, көшелердің атауын өзгертуге жұмсалатын қаражат қала бюджетіне қаншалықты шығын әкелетінін сұрады.

Сондай-ақ, даңқты үш би – Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би атына берілген көшелерге қатысты көпшілік пікірі екіге жарылды. Қоғам белсенділері үш биді бөліп-жармай, есімдерін жақын орналасқан көшелерге беруді ұсынды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары облыс орталығында лайықты көшелер жоқ екенін түсіндірді.

Көше атаулары 500-ден аса тұлғаның есімі бекітілген республикалық ономастикалық комиссия бекіткен тізімнен алып өзгертіліп жатыр. Көкшетауда көшелердің көбі қазақшаланды, енді оларды қайта ауыстырудың еш мәні жоқ. Бірлік шағын ауданы тұрғындарының көшелерге қазақ билерінің есімдерін беру туралы өтінішін ескере отырып, шағын аудандағы қатар-қатар тұрған үш көшені үш бидің есімдерімен атау туралы шешім қабылданды, – деп толықтырды ономастикалық комиссия мүшесі, ақын Алмас Темірбай.

Көшелердің аумағы мен қайраткердің есімінің маңыздылығы қаншалықты байланысты, мысалы, танымал тұлғаның есімін шағын аллеяға беру оның еңбегін құрметтемеу ретінде қарастырылады.

Қала тұрғындары ұсынылған тізімде аймақ пен қаланың дамуына үлес қосқан жергілікті атақты жерлестеріміздің есімдері аз деп алаңдаушылық білдірді.

Көше атауларын өзгерту үшін тұрғындармен жиын өткізіліп, жұртшылықтың пікірі ескерілуі тиіс. Ашық дауысқа салынуы қажет. Жергілікті танымал тұлғалардың есімі ескерусіз қалмаса екен. Бұл – жершілдік емес. Көкшетауда Науан хазірет, Естай Мырзахметов атында бір көше жоқ. Осы мәселе бойынша ұсыныс жасау керек, – деп пікір білдірді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев.

Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі Күнім Оразбаева ономастикалық комиссия мүшелері идеологиялық тұрғыда ескірген көше атауларын өзгертуде ұсынылған нұсқаларға аса мұқияттылықпен қарағанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Көкшетауда 366 көше бар, оның 90%-ы өзгертілді. Ұзындығы 120 және 180 метрден аспайтын шағын қысқа көшелер ғана қалды. Ережелерге сәйкес, көшелерді қайта атау үшін 10 жыл күту керек. Бірқатар қала тұрғындары көше атауын өзгерту процедурасы көптеген қаржылық шығынды талап етеді деп алаңдайды. Бірақ бұл олай емес. Тек үйлер мен көше белгілерін ауыстыру қажет. Бұған көп шығын жұмсалмайды. Біз барлық өтініш мен келіп түскен ұсыныстарды назарға аламыз, – деп сендірді бөлім жетекшісі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img