spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жан тебірентерлік сапар бұл!

Сондай-ақ...оқыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Студент кезімде мен әкемнен оның өмірінің ең қиын кезеңі туралы сұрадым. «Мен үшін ең қиын сәт ағамның қайтыс болғаны туралы хабарды – «қарақағазды» алған сәтім болды», – деді ол.
Қасым аға 1942 жылдың ақпанында қаза тапты. Әкем бауырының хаты мен Кеңес армиясының лейтенанты шенінде түскен суретін көзінің қарашығындай сақтап жүрді.
Суреттің артқы жағына өз қолымен қарындашпен «Інім Кемелге естелік үшін» деп жазған. Әкем Қасымның жиі түсіне енетіндігіне, ақыл айтып, кеңес беріп, оны өмірдің қиянаттарынан сақтандырғысы келетін сыңай танытатынын жиі айтатын. Кейде маған әкем туған ағасы аяқ асты тіріліп келеді деп үміттенетіндей көрінетін…»
(«Әке туралы ой-толғау» кітабынан).


ҰРПАҒЫҢЫЗ АДАЛ БОЛСЫН ДЕҢІЗ! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойды. Ржев түбіндегі сұрапыл шайқас кезінде қаза тапқан және із-түзсіз жоғалған боздақтардың рухына тағзым етті.

«Ржев қанды қасабы» немесе «Марс» операциясы туралы деректер ұзақ уақыт бойы айтылмай келді. Әскери тілші Константин Симонов «Өлім аңғары» атаған Ржев түбіндегі шайқас Мәскеу үшін аса маңызды болғандығын жазып қалдырды.
Ржев – Вязьма плацдармы Мәскеуге 150 шақырымдай жерде тұрғандықтан да, бұл ара жау әскерінің Мәскеуге кіретін қақпасы іспетті еді.Фашистер бұл араны «Мәскеуді алатын кілт» деп әскери күштерін барынша төккен көрінеді.
Ржев қаласы түбіндегі шайқас төрт жылға созылған соғыстың ең шешуші тұстарының бірі болғандығы айтылып жүр.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев гүл шоғын қойған Трубино деревнясындағы бауырластар зиратында қолында автоматы бар жауынгердің мүсіні орнатылған.
Ескерткіштің жанындағы таста «1941-1945 жылдары неміс-фашист басқыншыларынан Ржевті азат ету үшін болған шайқаста қаза тапқан 881-ші атқыштар дивизиясы мен 331-ші зеңбіректі артиллериялық полктің майдандас жауынгерлеріне» деп жазылған.
Бұл жерде 2 мыңнан астам сарбаз жерленген. Олардың қатарында Президенттің ағасы – Қасым Болтаев та бар.

Бүгінгі күні осы сапарында Қасым-Жомарт Тоқаев өз әкесінің өмір бойы ұмытпай өткен Қасым ағасының рухына тағзым етіп, құран бағышылатқандығы Адами іс, сауапты іс!
Әке аруағы да, бауырлас зиратта жатқан Қасым жауынгердің де және барлық соғыс құрбандарының да аруақтары бір шаттанып қалған болар!
Президентіміздің бұл сапарын және осы сапар барысындағы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына гүл шоғын қойып, тағзым еткендігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың барша соғыс ардагеррлері мен соғыс құрбандарына Қазақ елінің атынан көрсеткен құрметі деп санаймын. Әкеге… бауырға… өткенге бас иіп, құрмет көрсетіп, тағзым ететін… халыққа қызмет ететін Ұрпағыңыз адал болсын деңіз!

ӘЛҚИССА… Мен де, ғұмыр бойы мал баққан және де сол ғұмыр бойы кешегі соғыста майдан даласынан оралмаған өзінің екі бірдей туған ағалары мен екі бірдей туған інілерінің, яғни, төрт бірдей туған бауырларын «олар келеді» деп көзі жұмылғанша үмітін үзбей, қайғы-шермен өмір сүрген әкемнің жан қасіретін танып өстім.
Осы күні ойласам төрт бірдей туған бауырларының қайғысын әкем қалай көтеріп жүрді екен деп те ойланамын.

– Олар тірі, келеді! Мен өліп қалғаннан кейін, олар үйге келіп қалса танымай жүресіңдер ме, қайтер екенсіңдер?!,–деп көңіліндегі ауыр мұңмен әкеміз өз бауырларының түр-тұлғаларын сыйпаттап отырушы еді жарықтық.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Әке туралы ой-толғау» кітабында әкесі Кемел Тоқаевтың ұрыс даласында қаза тапқан өз бауыры Қасымды «Мүмкін ол ауыр жарақаттан немесе контузиядан кейін госпитальде жоғалып кеткен шығар, соғыста бәрі болады ғой» деп өлдіге қимайтын бауырлық сезімі мен көңіл-күйі және де Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі жазып отырғанындай «Әкей өмір бойы ағасын сағынып, іздеумен өтті…» дегені маған әбден түсінікті. Және де жүрегімді сыздатады.

Жабал ЕРҒАЛИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img