spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Былтыр 128,4 мың неке қиылып, 44,5 мың жұп ажырасқан

Сондай-ақ...оқыңыз

Былыр елімізде 128 мыңнан астам жұп некесін қиса, 44 мыңнан астам ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды Aqmolanews .

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, өткен жылы Қазақстанда 128,4 мың неке қиылған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,5% аз.

«Өзге ұлт өкілімен тіркелген некелердің үлесі 34,8% құрады. Алғаш некеге тұрған ерлер үлесі – 79,1%, әйелдер арасында – 81%. Некені алғаш құрғандардың орташа жасы: ерлерде – 28 жас, әйелдерде – 25,2 жас.

2022 жылы некелердің ең көбі тамыз айында тіркелген – 15 267», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен жылы 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқан. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,7% төмен.

2022 жылы ажырасулардың ең көп үлесі некеде 1-4 жыл тұрғандар арасында болған, бұл ажырасулардың жалпы санының 34,6%. 5-9 жыл некеде тұрғандардың ажырасу үлесі – 30%.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img