spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Қабанбай батыр кесенесі

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаракерей Қабанбай батыр кесенесі қазақ, қазақ болғалы Отаны, Елі, Жері үшін Ту алып, майданға түскен барлық халық қаһармандарына – хандарымызға, билерімізге, жырауларымызға, батырларымызға, сарбаздар мен аламандарымызға, сол ұлы бабаларымыздың ұрпағын өсіріп, жолын тосқан, соңына біз секілді ата дәстүр, салт-санаға адал ұлдары мен қыздарын қалдырған барша аналарымызға қойылған ескерткіш.

Қабанбай- қазақ батырларының көшін бастаушы тұлға, қазақтың бас батыры. «Қаракерей Қабанбайдың есімі әрқашан қазақ елінің есінде. Әрі ұрпақ оны ұмытпауға, қадірлеуге міндетті. Елі бардың ері бар. Сонау Тарбағатайда тау мен тастың қиырында ата жауын қасқая қарсы алып, кеудесін оққа төсеп айқасып, еңку-еңку жер шалып, егеулі найза қолға алды. Жұртымен бірге қабырғасы қайысты. Қазақтың рухын биік ұстап, намысын жерге таптатпады. Халқы оны құрметтеп Қабан- бай, Дарабоз, Хан батыры деп атады. Бұл қазақ әскерінің қолбасшысы, бас сардары Қабанбай еді». Ту көтеріп, ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасыл, Нарбала. Ізбасар, Қабанбай, Хан батыр, Дарабоз, Көкірек әулие деген есімдер берген. Ерасыл жездесінің қолында жылқыға көмектесіп, тазы жүгіртіп, серуен құрады. Күндер өте келе әлгі тауып алған сұр күшігі өте жүйрік, ізшіл, қыран ұстауға өте шебер болғандықтан тазы «Ізбасар» деп аталады. Ол күнде бір түлкінің құны бір бесті екен. Жылына отыз-қырық түлкі алып Ера­сыл едәуір ауқаттанып қалады. Сонымен бірге, беделі өсіп, тұйғынның аты Ерасылға таңылып, оның есімі де «Ізбасар» болып аталады. Күн өте келе, Кейбібайдың Бекберді, Хамит, Мұса дейтін үш ұлы тазы жүгіртіп, Ерасылға алған түлкіңді бізге байла деп жармасады, тіпті үшеулеп тартып алмақшы да болады. Бірақ үшеуі бірдей Ерасылдан таяқ жеп, онысын төреге де, төбеге де айтудан арланады. Мұны даладан көрген бір жылқышы Байдәулетке балдызың нағыз «Қабанның өзі екен, пәленбайдың үш баласын сабап, түлкісін тартып алды», – дейді… Осыдан барып Байдәулет балдызын қалжыңдап «Қабан» деп атап кетеді.

Бүгіндері Қаракерей Қабанбай батырдың кесенесі осы өңірдегі ең биік жотада асқақтап тұр, көне Ақмола – жаңа Астана ашық күндері алақандағыдай көрінеді.

Абылай ханның бас батырының бірі Қабанбай батыр өмірінің соңына дейін ат үстінен түспеген, қазақ жерінің әр пұшпағын жаудан босатуға қатысқан, бүкіл жорықтарда жүрген. Ол ата жау қалмақпен де, қазақ жеріне көз алартқан қырғыздар- мен де соғысып жеңіске жеткен.

«Анау бір жылы аттанған

Әскерді қырғыз қырғанда.

Басынан оба қылғанда…

Әтеке сынды жырықтың

Қабырғасы сөгіліп,

Шапқанда батыр төгіліп:

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Сары, Баян мен Сағынбай

Қырмап па еді жауыңды,

Қуантпап па еді қауымды,

Ұмыттың ба соны, Абылай!» – бұл азуын айға білеген Үмбетей жыраудың Абылайға айтқан толғауы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img