spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетаулық такси жүргізушісі алаяқтық құрбаны болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаулық  такси жүргізушісі тауар жеткізуге келісіп, алаяқ құрбаны болды.  Бұл бірінші факт емес, деп  облыстық полиция департаменті дабыл қағуда. Алданғандардың бірі алаяқтардың жұмыс схемасын айтып берді.

Осы  жылдың 30 наурызында «Орталық базар» аумағында белгісіз бір қала тұрғынына хабарласып, 1000 теңгеге пакетті мекенжайына апарып беруді өтінген, бұл ретте өтініш жасаған адам таксистке 8 000 теңге кепілдік еіп беруді сұрап, затын алғаннан кейін бұл ақша оған қайтарылады деп сендірген.

Алдау туралы білмей, ер адам пакетті көрсетілген мекен-жайға апарып, келген кезде күтіп алушымен байланысқа шықты. Әйел бірнеше минуттан кейін затты алып кететінін айтып, қоңырауға жауап берді. Бірақ  қоңыраудан кейін ешкім шықпаған, кейіннен тіпті қоңырауға жауап беруді мүлдем тоқтатып,  телефонды өшіріп тастапты.

Кейіннен такси жүргізушіс пакетті ашып қараса, ішінде тозған, ескі-құсқы заттар жатыр.

Алаяқтық фактісін полицейлер ҚР ҚК 1902 – бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеді (алаяқтық) және жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізілуде.

«Құрметті азаматтар! Есіңізде болсын! Сіздің қырағылығыңыз және полицияға уақтылы жүгінуіңіз-бұл Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі! Егер сіз  алаяқтардың құрбаны болсаңыз, «102» қызметіне немесе 29-96-00, 25-78-05 телефондарына хабарласыңыз»,- дейді полиция департаменті

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img