spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
4.2 C
Kokshetau

Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздің бас заңы Конституцияның 36 бабына сай Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті Қазақстан Республикасы Президенті, Қорғаныс министірінің бұйрығымен жыл сайын қазақ әскері жас шақырылыммен толысып келеді. Жыл басталғалы еліміздің түкпір – түкпіріндегі әскери комисариаттар әскер қатарына шақырылым жұмыстары бойынша жұмылдырылып, екі мезгіл көктем және күз мезгілінде жасақтап, Қарулы күштер, Ұлттық ұлан, шекара қызметіне бөліп отырады. Атбасар қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінің 4 ротасында бүгінде 133-дан астам жас сарбаз әскери қызметін өтеу үстінде. Солардың ішіндегі сарбаз қатардағы Асылхан Бүрлібай.

– Біздің қызмет қылмыстық атқару жүйесі мекемесін күзетуге сүйенеді. Күзет орнын табандылықпен қорғау мен қырағылықпен күзету біздің – басты міндетіміз. Қауіп-қатерді құнттамай, пәтерін құлыптамай кететін қала тұрғындарының қаперсіздігі тікелей Ұлттық Ұлан жауыңгерлерінің арқасында туындаған. Бейбіт өмірдегі бейқам бұқараның түн ұйқысының тыныштығы, ұл-қызының қауіпсіздігінің сақшысы – Ұлттық Ұлан. Мен де солардың бірі де, бірегейі болып жүргенімді ерекше мақтаныш тұтамын.
Мен қатардағы Бүрлібай Асылхан Жеңісұлы аталмыш ротада сарбаз-атқыш қызметінде Отан алдындағы борышымды өтеудемін. Жамбыл облысы орталығындағы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің филология және журналистика кафедрасында web-журналист мамандығы бойынша білім алдым. Өңірлік бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарында еткен қызметімді әскери қызметке алмастырғаныма ешқашан өкінішпен қараған емеспін, керісінше мақтан тұтамын.
Азаматтық өмірде 30-ға тарта мақала мен 150-ге тарта поэзиялық туындылардың авторы болғаныммен шектеле қоймай, рота басшылығының қолдауымен шығармашылығымды ары қарай дамыту үстіндемін? – дейді ол.

Рота командирінің орынбасары капитан Эртаев Серікбайдың қолдауымен әскери қызметпен қоса журналистік идеялар бойынша біршама бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі түрлі парақшалармен, сайттармен жұмыс жасау қызу қарқынмен қозғалуда.

– Рота берекесінің берік іргетасын қалау мақсатында бірнеше тұжырымды ойлар мен ізгі бастамаларды қолға алу үстіндеміз. Атап айтқанда, рота өмірінің қызықтары мен тұрмыс-тіршілігі жайында және соңғы жаңалықтар баяндалатын әлеуметтік желі парақшасының негізін қалау. SMM-маманы ретінде парақшаның өркендеуі мен алға жылжуы менің мойнымда. Жас сарбаздардың сауапты істерін сауатты баяндау, олардың қызметінің басымдылығын айқындау басты назарда. Сарбазды сана бейігіне жетелейтін, патриоттық көзқарасын оң бағдарға бұру мен ел ертеңіне деген сенімін арттыратын абзал ойлар мұнымен тоқтап қалмасы анық. Мамандығымды мақтаныш тұтып, әскери қызметте жүріп те осыншалық прогрессаен алға жылжудағы талпынысты тоқтатпай, белді бекем буып, беттен қақпаған рота командирі капитан Жамалға да алғысым шексіз. Жас жауыңгерлерді тәрбиелеп, жігерін жанып, қайраттандырып, намысын қайраған ел ағалары болғанда,еліміздің ертеңі біздің берік жұдырығымда жұмулы тұрғанына еріксіз кәміл сенемін, – деп ойын жеткізді Асылхан Бүрлібай.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img