spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ел қауіпсіздігі – елдің бірлігінен!

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін (15 наурыз 2023) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткізілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды.

Дүние ушығып тұр. Қазіргідей қарулы қақтығыстар мен түрлі көзқарастардың текетірестері кез келген мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірері анық. Сақтық керек!
Сол үшін де Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті. Орынды! Бізде, Қазақстанда да ішкі жағдайды шайқағысы келіп отырған сыртта да, іште де күштер бар екені анық.
Кейде сондай күштер халықты билікке қарсы тұруға, халықты көшеге шығаруға жанығып жүр. Тіпті «қаңтар қайталанады» деп ашықтан ашық сәуегейлік айтып жүргендер де бар. Қазір діни алауыздық… тілдік алауыздық… кейде рушылдық… кейде жершілдік сияқты ел бірлігіне кері әсер ететін пиғылдар да көрініс тауып жатады.

Халықты «ескі Қазақстанның» және «жаңа Қазақстанның» адамдары деп бөлу де етек алып барады. Қазақстанның ескісі болсын, жаңасы болсын біздің барлығымыз бір Отанның азаматтары емес пе едік?! Менің түсінігімде Қазақстанды «ескі» «жаңа» деп бөле қарау жаңсақтық сияқты!
Бізге елді, барлық қазақстандықтарды біріктіретін ұстаным керек. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде және одан кейінгі отыз жылғы кезеңінде жұмыс істегендердің не жазығы бар?!

Қазір сол кезеңнің бар кемшіліктері үшін сол кезеңнің адамдарын айыптау, тіл тигізу етек алап барады. Бұл аға ұрпақ өкілдеріне ауыр тиер жай. Және де дүниені бір күнде түзетеміз деп алып-ұшып тұрған жас ұрпақтың үлкенге тіл салуын, беттерінен алу сияқты көргенсіздік туғызып отыр.
Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген жырын ұран етіп, өрекпімес бұрын, ойланған да абзал. Мағжан ақын өзі сенетін жастарын айтқанда білімді, тәрбиелі, үлкенді сыйлай білер, ақылды да парасатты, мәдениетті, аузына келгенді айта салмайтын сабырлы да ойлы жастарды айтқан болар!

Президентіміз «ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға» айырықша мән беріп отыр. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы дүйсенбі күні әкімдермен өткізген кездесуде әрбір ойланбай сөйлеген сөздің мемлекеттің мүддесіне қауіп төндіретінін атап көрсеткенін де ұмытпайық! Әйтеуір ел бірлігін сақтай білейік! «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» (Қ.К. Тоқаев).

Жабал Ерғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img