spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

ОСК кейбір кандидаттарды тіркеуден бас тартуға қатысты түсінік берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров үміткерлерді кандидаттыққа тіркеуден бас тарту немесе тіркеуден шығаруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тіркеу мәселесі бойынша кандидаттардың өтінішін Жоғарғы немесе жергілікті сот қолдап, кандидаттың пайдасына шешім қабылдап, тіркеу қайта қалпына келтірілген жағдайлар бар. Керісінше, кандидатты тіркеуден бас тарту керектігіне қатысты да сот шешімдері бар», – деді Нұрлан Әбдіров Сыртқы істер министрлігінде өткен Орталық сайлау комиссиясының бірлескен баспасөз мәслихатында.

ОСК басшысының айтуынша, округтік сайлау комиссиясы кандидаттың активтер бойынша дербес деректерін көре алмайды.

«Жеке тұлғалардың активтері мен меншігі, мүлкі бойынша дербес деректер базасы мемлекеттік кірістер органдарының қарауында. Округтік сайлау комиссиясы салық органы ұсынған үміткер декларациясының дұрыс еместігі туралы қорытынды шешімді ғана көре алады. Комиссия соның негізінде шешім қабылдайды. Жалпы сайлау қорытындысына қатысты арыз-шағымдарды сот міндетті түрде қарайды, егер арыз-шағым сот тәртібімен берілсе», – дейді ол.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img