spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысының әкімі аудандарды аралады

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімі жұмыс сапармен Есіл, Жарқайың, Жақсы аудандарында болып, елдімекендердегі жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Өңір басшысы алдымен Жақсы ауданындағы орта мектептің жөндеу жұмыстары мен «Агрофирма TNK» ЖШС-нің инвесторлық жобасымен салынып жатқан спорт-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.  Белағаш ауылындағы білім ошағын қалыпқа келтіруге бюджеттен 142 миллион теңге бөлінген. Жұмыстар тамыз айында аяқталмақ.

Облыс әкімі мердігерлерге жұмысты сапалы жүргізуді тапсырды. Мектептің бір топ ұстаздар қауымымен жүздескен өңір басшысы білім сапасын көтеру қажеттігін айтты.

Одан соң Ермек Маржықпаев «Запорожье» ЖШС-нің егіс жұмыстарымен танысты. Аталған серіктестік 44 мың гектар жерге дәнді және бұршақты дақылдарды егуді жоспарлап отыр.

Егіс алқабының жұмысын тексерген облыс әкімі жергілікті халықты жыл бойы жұмыспен қамту қажеттігін ескертті.

 

  • Еңбеккерлер жыл бойы жұмыс істеуге тиіс. Ауыл шаруашылығын, мал шаруашылығын дамытуға тиісті қаражат бөлініп жатыр. Тауар өндірушілер үшін табиғи таза өнім алуға субсидия төленуде. Асыл тұқымды көбейту және мал басын асылдандыру сияқты шаруаларға көмек көрсетілуде. Біз одан әрі де ауыл шаруашылығын дамытуға күш салатын боламыз,-деді Маржықпаев.

Сонымен қатар өңір басшысы Жарқайың ауданындағы «Темірлан» ЖШС-нің көктемгі дала жұмыстарының алқабына барды. Бұл серіктестік бүгінде мал шаруашылығын да жолға қойған.

Тасөткел ауылындағы сүт зауыты тәулігіне 17 тонна сүтті өңдеп, сүт, айран, ірімшік, қаймақ, сары май сияқты өнімдерді шығарады. Кәсіпкерлік өз қаражатымен ауылдағы мектеп, мәдениет үйі мен спорт залдарына жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Державинск қаласындағы 60-пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 265,8 миллион теңге бөлінген. Нысан жыл аяғына дейін тапсырылуға тиіс.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасымен интернат ғимаратын күрделі жөндеу, Ақпан Үкібаев атындағы мектептің ағымдағы жылғы жөндеуі мен қоршауын ауыстыруға 240 миллион теңге қарастырылған.

Одан соң Ермек Маржықпаев Есіл ауданындағы «Ново-Приречное ЖШС-не тиесілі 48 гектар өріс пен шаруашылық жеріне ат басын бұрды.

Бұл серіктестік аудандағы ең ірі ауыл шаруашылық кәсіпкерлігі болып табылады.

Бүгінде аудан орталығында №1 және 2 орта мектептерінде жөндеу жұмыстары қызған. Аудан ауруханасына биылғы жылы 70 миллион теңгеге  медицина құрылғыларын сатып алу көзделген.

Облыс әкімі аудандағы медицина мекемесіне көмектесіп, материалдық-техникалық базасын нығайтуға ат салысқан Болат Өтемұратов қорына алғысын білдірді.

Бүгінде аудан орталығында көше-жол желілерін жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсатқа «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 50 миллион теңге бөлініп, жұмыстарды аяқтау мамыр айына жоспарланған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img