spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
14.5 C
Kokshetau

Қорғалжын ауданында 78 жастағы кейуананы көршісі өрттен құтқарып қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында қос пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққан. Үйде жалғыз қалған 78 жастағы қарияны көршісі аман-есен құтқарып қалды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көршісінің үйі өртеніп жатқанын көрген Нұртай Жүнісбеков үйдің терезесін сындырып кіріп, 78 жастағы әжейді ашып шыққан.

Қорғалжын ауылында 24 маусым күні 02 сағат 54 минутта Мәлік Ғабдуллин көшесінде үйлердің бірінен өрт шыққан туралы телефон шалынды. Өрт сөндірушілер жеткенше осы үйдің көршісі Нұртай Жүнісбеков есінен танып құлаған әжейді көтеріп алып шыққан. Аса қауіпті болғанына қарамастан адам өмірін арашалап қалған қайсар азаматқа шынайы алғысымызды білдіреміз, – деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарын өрт шыққан жағдайда дереу «101» және «112» телефондарына қоңырау шалуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img