spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

2,5 мыңға жуық қазақстандық банкроттыққа өтінім берді

Сондай-ақ...оқыңыз

Банкрот атанғысы келген қазақстандықтарға қатысты соңғы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Aqmolanews Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініш қабылдау басталды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1469 өтініш келіп түсті. Оның ішінде eGov арқылы 1399, ал e-Salyq Azamat арқылы 70 өтінім бар. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те келді», – делінген хабарламада.

Кірістер комитеті ұсынған ақпаратқа сәйкес, кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ел аумағынан 2466 өтініш түскен.

Банкроттыққа өтініш беру бойынша көш басында Түркістан облысы тұр (289 өтініш). Одан әрі 238 өтінішпен Алматы қаласы, үшінші орынға Алматы облысы (227 өтініш) орналасқан.

Айта кетсек, бүгін елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталды.

Сондай-ақ, банкроттық жариялау қызметі eGov.kz және eGov Mobile қосымшасында қолжетімді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img