spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында биыл 297 алтын белгі мен 187 үздік аттестат иегерлері мектеп бітірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бірқатар мектептерінде коронавирус індетінің таралуы салдарынан енгізілген карантиндік режим талаптарына байланысты соңғы қоңырау онлайн режимде өткізілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Биыл Ақмола облысында 4515 оқушы мектеп бітіретін болса, оның 297-і – Алтын белгі иегері, 187-і – білім ордасын үздік аттестатпен аяқтады.

Өңірде мектеп бітіруші 4515 түлектің 3718-і немесе мектеп бітірушілердің 82,3 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген болатын.

Бұдан әрі еліміздің өзге өңірлері сияқты Ақмола облысында мектеп бітірушілерге аттестат кезекпен беріледі. Бұл туралы облыстық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Облыстағы мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау салтанатын аттестат тапсыру рәсімімен бірге 3-4 маусым аралығында өткізу жоспарланған.

Карантин талаптарына байланысты әрбір 11-сыныптың мерекелік шарасына 40 минут уақыт белгіленіп отыр. Мәселен, бір мектепте үш 11-сынып болса, олардың әрқайсысы өз сыныбымен және ата-аналарының қатысуымен бұл шараны бөлек, мектептің ауласында немесе спорт залында өткізеді. Сонымен бірге, салтанатты шара барысында 1,5 метр арақашықтық сақталуы тиіс, яғни, мектеп әкімшілігі әлеуметтік арақашықтықтың сақталуына мән беруі тиіс,- дейді облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img