spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
1.1 C
Kokshetau

Елімізде спорттық және туристік инфрақұрылым айтарлықтай жаңғыртылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте дене тәрбиесі және спортты, сондай-ақ туризм саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамаларының жобалары қаралды.

ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Тұжырымдамада азаматтарды, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға баулу, жоғары кәсіби спорттық резервті қалыптастыру және жоғары жетістіктер спортын дамыту жөніндегі шаралар қарастырылғанын баяндады.

 Кеңесте атлетшілерді дайындаудың заманауи әдістерін енгізу және спорттық медицинаның сапасын жақсарту жоспарланып отырғаны да атап көрсетілді.

2030 жылға дейін барлық шараларды іске асырудың нәтижесінде ішкі туристердің санын 11 млн адамға дейін, шетелдік туристерді – 4 млн адамға дейін, салада жұмыспен қамтуды – 800 мың адамға дейін арттыру көзделіп отыр.

@baq_kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика