spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-11.6 C
Kokshetau

«Өңірдің белгілі тумаларының есімін жаңғырту» тақырыбында жиын өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. «Өңірдің белгілі тумаларының есімдерін жаңғырту» тақырыбы күн тәртібінде қаралған басты мәселе болды. Кеңес отырысына өңірдің зиялы қауым өкілдері, кеңестің мүшелері мен облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері, облыстық, қалалық кітапхана басшылары мен музей мамандары қатысты. Облыстың белгілі тумаларының есімдерін жаңғырту бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Дина Бейсенбаева айтып берді. Оның айтуынша, 2022 жылы жазушы, драматург, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Төлеген Қажыбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай 500-ге жуық іс-шара өткен. Сонымен қатар ақынға арналып мемориалдық тақта ашылды. Композитор Тыныштық Шәменұлының 80 жылдығына арналған «Арқаның ақын –сазгер Тыныштығы» атты концерт ұйымдастырылған. Бұдан басқа республикалық көлемде аталып өтетін бірқатар белгілі тұлғалардың мерейтойына орай мәдени-көпшілік іс шаралар өткізілген. Ал биыл Абылайханның 310 жылдығы, Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығы, ақын, әнші, әрі сазгер, журналист Кәрім Ілиястегінің 95 жылдығы аталып өтпек. Сонымен қатар ақын, жазушы Сайлау Байбосынның, композитор Құрмет Сақайдың, ақын, журналист, әрі жазушы Аманжол Қорғанбектің мерейтойлары атап өту бойынша іс-шаралар таныстырылды. Кеңес отырысына қатысқан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің аға оқытушысы Ғалымтай Төлепбергенов әріптестерімен бірге «Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақмолалықтардың есімдерін жаңғырту» бағытында көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тарихи ақтаңдақтардың бетін ашып, тамаша еңбектер жазылғанын тілге тиек етті. Ал, М.Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Қуаныш Оспанов өңірдің белгілі ақын-жазушыларының еңбектерін электрондық нұсқаға түсіріп, әжептәуір жұмыстар атқарылып жатқанын алға тартты. Кеңес отырысы барысында өңірдің белгілі азаматтарының есімдерін жаңғырту бағытындағы жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныс-тілектер айтылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img