spot_img
Сейсенбі, Сәуір 15, 2025
9.2 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушіні тас жолда ұстады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Новочеркасское ауылының маңындағы «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1139 шақырымында патрульдік полиция батальонының «Тұлпар-4» автопатрулінің экипажымен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында Целиноград ауданының 40 жастағы тұрғынының басқаруындағы «ГАЗ 330232» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған. Тексеру кезінде ақмолалық 2022 жылы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.
Жүргізушінің айғақтары бойынша, әпкесі оған ұлының үйленгені жатқандығы туралы хабарлаған, ер адам Атбасар қаласына оларға барып келуді шешкен. Алайда полиция қызметкерлерінің қолына түскен. Көлік айыппұл тұрағына қамалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша «көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ақмола полицейлері азаматтарды жолда мұқият болуға және ешбір жағдайда мас күйінде рөлге отырмауға, өз өміріне және жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндірмеуге шақырады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшелік бишілер республикалық байқауда үздік нәтиже көрсетті

13 сәуір күні   Шымкент қаласынада  түрлі өңірлерден 30 шығармашылық ұжым дар қатысқан «Нұрлы көктем»  халықаралық хореографиялық байқауы өтті. Тәжірибелі хореограф...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img