spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолада Қосшы мен Талапкер ауылынан басқа барлық аймақта мекемелер жұмысын жалғастырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысында жаңа қаулы күшіне енді. Оған сәйкес бірқатар әлеуметтік нысандар мен мекемелер жұмысын одан әрі жалғастырады, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаметі мәлім етті.

Бас санитардың қаулысына сәйкес бүгіннен бастап мемлекеттік ұйымдар мен бизнес нысандары, халыққа қызмет көрсететін орындар жұмысын бастайды. Дегенмен, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 30 пайызы үшін әлі де болса қашықтан жұмыс істеу режимі сақталмақ.

Өңірде 20 мамырдан бастап 30 орынға дейінгі сыйымдылығы бар қоғамдық тамақтану нысандары, қосымша білім беру орындары, фитнес орталықтары мен жаттығу залдары, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмысына кірісе алады. Ал 25 мамырдан бастап Целиноград ауданынан басқа облыс аумағындағы барлық қоғамдық көліктер, теміржол вокзалдары мен автовокзалдар, діни нысандар мен фитнес және жаттығу залдары жалпы ауданынан 30 пайыздан аспайтын мөлшердегі аумақта адамдарды  қабылдай алады. Алайда, коронавирус  инфекциясының таралуы аса қауіпті болып отырған Целиноград ауданындағы Қосшы және Талапкер ауылдарын бұл тізімге қосу мүмкін болмай отыр, – деді өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Өз қызметін жалғастыруға рұқсат етілген барлық нысандар барлық санитарлық-дезинфекциялық шаралар мен талаптарды қатаң орындауға міндеттелген.  Қаулы 20 мамыр сағат түнгі 12.00-ден бастап күшіне енеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img