Мемлекет басшысы 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Парламенті Мәжілісін таратып, кезектен тыс сайлауды 19 наурыз күніне белгіледі. Сондай-ақ, Президент барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтатты.
«Өздеріңізге мәлім, мен былтыр күздегі Жолдауымда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы осы жылдың бірінші жартысында болатынын жарияладым. Яғни, бұл бастама айтылған сәттен сайлауға дейін жарты жылдан астам уақыт өтеді. Тәуелсіздік жылдарында сайлауға дайындалу үшін кандидаттар мен саяси партияларға осыншама көп уақыт берілген емес» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Алдағы сайлауда Мәжіліс депутаттарының 70% партиялық тізім арқылы, қалған 30% бір мандатты округтерден сайланады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары да аралас жүйемен жасақталатын болады, яғни 50% – бір мандатты жүйе арқылы, 50% – партиялық тізім бойынша.
«Осылайша, Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады, сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады» – деп айтты ел президенті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде барша қазақстандықтарды азаматтық жауапкершілік танытып, мәжіліс пен мәслихат сайлауына белсене қатысуға шақырды.
Дереккөз: Ақорда.