spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жолдардың сапасыз салынуына не себеп?

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен жылы Ақмола облысында автожолдардың сапасы бойынша 920-дан астам бұзушылықтар мен ақаулар анықталған. Жол-құрылыс материалдарының мыңға жуық үлгісі сынақ зертханасында сараптамадан өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат Қайратхан баяндады.

Автожолдардың сапасы мен салынуы қалың бұқараны алаңдатпай қоймайтыны рас. Өткен жылы жол салуға және жөндеуге 60 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Спикер айтуы бойынша, облыс тұрғындары тарапынан жолдардың жай-күйі, ақаулардың бар-жоғы бойынша жауапты органдарға шағымдар мен өтініштер жиі келіп түсті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де бұған назар ерекше аударады. Ұлттық орталықтың Ақмола облыстық филиалында өткен жыл ішінде барлық жол-құрылыс нысандарына тексеру жұмыстары жүргізіліп, жол-құрылыс материалдарының сынамалары, олардың кейінгі зертханалық сынақтары алынды. Нәтижесінде автожолдардың сапасын қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті шаралар қабылданған.

«Филиал жол-құрылыс нысандарына 580-ге жуық инспекциялық тексеру жүргізді. Сынақ зертханамызға мыңнан астам жол-құрылыс материалдарының сынамаларын алдық, олардың 550-ге жуығы сапа талаптарына сай болып шықты. Жыл ішінде 920-ға жуық бұзушылық мен ақау анықталды. Барлығын жою бойынша нұсқаманың бағыттары бекітілді. Яғни, тексеру, іріктеу жұмыстарын жүргізе отырып, белгілі бір жол ұйымын жазалау немесе айыппұл салу мақсатын көздемейміз, бірақ ақауларды уақытында анықтап, қажетті мерзімде жойғымыз келеді. Біз осы учаскелерде анықталған ақауларды жою бойынша инспекция жүргіземіз»,- деп түсіндірді жол активтерінің Ұлттық сапа Орталығының Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат Қайратхан.

Мамандардың айтуынша, ауыр жүк мәселесі өңірде өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Облыстың автожолдарында олардың бақылаусыз жүруіне байланысты жол жабыны, оның ішінде жөнделгені де тез жарамсыз болып қала береді. Бұл ретте филиал көліктік бақылаудың облыстық аумақтық инспекциясымен бірлесіп тексеру жүргізіп, ауыр жүктердің қозғалысын бақылауды жүзеге асырады және жүк көліктерінің осьтерінде рұқсат етілген шекті нормадан жоғары жүктеме болмауын қадағалайды.

«Автожолдардың кейбір учаскелерінде белгілердің болмауы, жарық торларының бұзылуы, шұңқырлар сынды ақаулар анықталып жатады. Бұлардың пайда болуының негізгі себебі ауыр жүк көліктерінің қозғалысы, шамадан тыс жүктеме, үлкен габаритті жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау. Сондықтан жүргізушілерді үлкен габаритті жүктерді тасымалдаудың барлық ережелерін сақтауға шақырғым келеді», – деп атап өтті Талғат Қайратхан.
Филиал қызметінің басым бағыттарының бірі-қысқы-көктемгі кезеңде автожолдардың сапасын бақылау. Инженерлердің айтуынша, жол қауіпсіздігі мен асфальтбетон төсемінің жағдайы бұған тікелей байланысты.


"Біз автожол учаскелеріне үнемі шығамыз. Жол ұйымдарының көктайғаққа қарсы материалды қалай төгетінін, техниканың қалай жұмыс істейтінін, тазалау жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын, жол және ескерту белгілері қалай орнатылғанын тексереміз. Бқл тұста барлық жұмыстардың жеделдігі мен жүйелігі аса маңызды. Тиісті жағдайда автожолдар бойында, әсіресе автожолдардың қатты тозатын учаскелерінде қар ұстайтын қоршаулар болуы тиіс. Барлық тармақтарды сақтау маңызды, жол қозғалысы қауіпсіздігі осыған да байланысты. Жыл басынан бері біз автожолдарды қысқы күтіп ұстау кезінде 20-дан астам ақауларды анықтадық", - деп атап өтті филиал басшысы Талғат Қайратхан.


Біздің жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі-басқа ведомстволармен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау. Біз көліктік прокуратурамен, полиция департаментімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп ынтымақтасамыз, бірлескен сапарлар, мониторингтер жүргіземіз, проблемалық мәселелерді шешеміз ,- деп толықтырды спикер.
Жолшылар автожол саласының проблемалық мәселелерін де қозғады. Олар сапасыз жолдардың негізгі себептерін мердігерлердің жауапсыздығы, техникалық қадағалау тарапынан жұмыстың жеткіліксіздігі, сапасыз материалдар және кенепті ауыр жүк машиналарымен басу деп атап өтті. Жол-құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасына жанар-жағармай материалдарының маусымдық қымбаттауы және битум тапшылығы да әсер етпей қоймайды. Бірақ басты мәселе-автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде сапа талаптары мен стандарттарын әрдайым сақтай бермейтін жосықсыз мердігерлер.
Айта кету керек, «көлік туралы» заң жобасы шеңберінде орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру мақсатында кепілдік кезеңінде мердігер ұйымдармен тең дәрежеде авторлық және техникалық қадағалаудың ортақ жауапкершілігін енгізуді, сондай-ақ жол активтері сапасының ұлттық орталығына көше-жол желісінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша өкілеттіктер беруді көздейтін түзетулер енгізілуде. Бұдан басқа, жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан астам нормативтік-құқықтық актілерді қайта өңдеу жүргізіліп жатыр және әкімдердің жол сапасы бойынша рейтингін анықтау бойынша әдістеме әзірленді.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img