spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
24.2 C
Kokshetau

«Отбасы құңдылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қоғамдық даму орталығы» ұйымдастыруымен «Отбасы құңдылықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ басшысы Айдын Раисов, облыстық ішкі саясат басқармасы жастар және отбасы істері жөніндегі бөлімнің басшысы Айсұлу Мырзахметова, «Ақмола облысы әкелер кеңесі» ҚБ төрағасы Ерлан Закириянов, «Ақмола облысы аналар кеңесі» ҚБ төрағасы Айнагүл Жазиева және ішкі саясат бөлімінің ресми өкілдері қатысты. Әр спикер өз саласы бойынша Отбасы құндылықтарының қоғамдағы айрықша рөлі мен оны халыққа насихаттауға қатысты жоспарларымен бөлісті. Ұйымдастырушы Айдын Раисовтың айтуынша отырыстың негізгі мақсаты биылғы жылға жоспар құру. Өткен жылы да бірталай мардымды шаралар іске асырылып, көптеген жоба қолға алынған.

«Жеке тұлғаны қалыптастыруда Отбасы тәрбиесі және отбасылық құндылықтар – адамның өмірін құрайтын маңызды іргетасы. Нақтырақ айтар болсақ, Отбасы – мейірім мен махаббаттың, жан тыныштығы мен ауызбіршіліктің ұштасқан ордасы. Сол себепті қоғам санасы дамысын десек, ең алдымен Отбасыдағы құндылықтар мен тәрбие мәселесін ретке келтіруіміз қажет. Біз жастармен, жоғарғы курс студенттерімен тығыз жұмыс істейміз. Жиі түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз», – дейді Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ басшысы Айдын Раисов.

«Қоғамдық даму орталығы» КММ биылғы жылға біршама бағыттар бойынша іс-шаралар атқаруды жоспарлап отыр. Негізгі бағыт – бала-бақшаларда, мектептерде, кәсіпорындарда сондай-ақ ата-аналармен кездесіп, Отбасы тәрбиесі және Отбасы құндылықтары туралы ой бөлісіп, пікір алмасу.

"Алдағы уақытта мектептерде әкелер клубын ашуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша 54 мектепте әкелер клубы бар. Біздің негізгі мақсат толық жанұя санын көбейтіп, ажырасу фактілерін азайту. Ата-аналар баланың тәрбиесіне бірге атсалысқаны дұрыс. Сонда ұрпақ саналы, психологиялық тұрғыдан жетілген болып өседі. Біз қоғамда орын алған фактілер мен күресіп қана қоймай, Отбасы қиындықтарының алдын алу үшін де барынша жұмыс істейміз. Облыстың 4 ауданында әкелер филлиалы бар. Мақсат – әкелердің абыройын көтеру. Бала тәрбиесіне көбіне аналар, әйелдер қауымы жауап беріп жатады. Ер мінезді жігіттер мен инабатты қыздарды тәрбиелеу үшін әке тәрбиесінің де маңызы өте зор",- деп атап өтті «Ақмола облысы әкелер кеңесі» ҚБ төрағасы Ерлан Закириянов.

Алқалы жиын барысында қатысушалар пікір алмасты, тақырып бойынша бірқатар қорытынды шығарып, бір жылдық жоспар әзірледі. Қорытынды жиынды осы жылдың желтоқсан айында өткізуді жоспарлар отыр.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img