spot_img
Жұма, Маусым 6, 2025
23.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында өрт кезінде ер адам құтқарылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Кеше, 2023 жылғы 15 қаңтарда Астрахан ауданы Новочеркасск кентінде сағат 01-40-та 40 ш.м. алаңда жеке тұрғын үйде өрт болды, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті өздігінен сөндіру кезінде үй иесі 1963 жылы туған ер адам 2-3 дәрежелі күйік алды және өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін өрт болған жерден көршісі Мұхтар Макарин құтқарып қалған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы үй иесін Астрахан орталық аудандық ауруханасына жеткізді.
Оқиға орнына азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар шыққан. Өрт 02-12-де ауыздықталып, 02-25-те жойылды.
Осы факт бойынша тексеру жүргізілген. Оның нәтижелері бойынша өрттің шығу себебі – қысқа тұйықталуға әкеп соқтырған оқшауланбаған электр сымдары бар электр қабылдағышты (қазандықты) пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылды.
Ақмола облысының ТЖ департаменті тұрғындар мен қонақтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларын сұрайды. Төтенше жағдайлар туындаған кезде «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданында 1-ші тоқсанда бюджет кірісі 23 млрд теңгеден асты

Бурабай ауданында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның негізгі даму бағыттары туралы баяндалды. Аудан әкімі өнеркәсіп, агросектор, туризм және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика