spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.5 C
Kokshetau

Өңірде дәрі-дәрмек қажеттілігі 97% қанағаттандырылған

Сондай-ақ...оқыңыз

160 мыңнан астам ақмолалық  8,8 миллиард теңге сомаға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Өңірге жеткізілген дәрілік заттардың 97% – ы игерілді. Жыл қорытындысы бойынша дәрілік препараттардың жалпы игерілуі 97% -. құрайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Қоңырбаев баяндады.

Облыста тегін препараттарды беруді 70 дәріхана пункті бар 27 медициналық ұйым жүзеге асырады.Сондай-ақ, ауылдық жерлердегі медицина қызметтерін жүзеге асыратын 177 тегін дәрі-дәрмек беру пункті бар.

-1439 нөмірі бойынша тегін препараттарды жеткізу және олардың бар-жоғы туралы мәлімет үшін бірыңғай дистрибьютордың колл-орталығы, сондай-ақ, 55-14-14 тегін нөмірі бойынша Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының колл-орталығы және медициналық ұйымдардың жанындағы пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Бұл мәселелердің әрқайсы жеке шешілетін болады, – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тоқтар Қоңырбаев.

2023 жылға қарай аймақтың медициналық ұйымдары дәрілік қажеттіліктің жалпы сомасы 14,92 миллиард теңге, оның ішінде 5,22 миллиард теңге стационарлық көмек шеңберінде қажеттілікке жұмсалады . Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2023 жылға жалпы сомасы 10 миллиард теңгеге жуық дәрілік заттар мен медициналық құралдарға алдын ала қажеттілікті анықтайтын болады.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img