spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.5 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады. Президентке Ақмола облысының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берілді, деп хабарлайды «AqmolaNews» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір экономикасының бірқатар саласында өсім қарқыны байқалады. Атап айтқанда, мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі алғаш рет 1 триллион теңгеден асады. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі шамамен 1,4 триллион теңгені құрады. Негізгі капиталға құйылатын инвестиция өсімі сақталып отыр. Экономиканың барлық саласында 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, соның ішінде 16 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар Президентке жылыту маусымының барысы, Көкшетау қаласындағы жылу электр орталығының құрылысы, бірқатар инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылуы, елорда маңындағы аймақтардың дамуы, сондай-ақ туризм саласын ілгерілету жұмыстары туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі жақсарту және өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img