2023 жылғы 9 қаңтарда Республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының жабық учаскесінен 251 км а/ж қатты аязға байланысты құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен және полиция қызметімен бірлесіп дизель отынымен жүретін жолаушылар автобусынан 49 адамды эвакуациялады, оның ішінде 6 бала, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Осылайша, Тәжікстан Республикасының 49 азаматы Щучинск қаласының орталық мешітіне жылыту пунктіне орналастырылды. Ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
«Біз Тәжікстаннан Ресейге жол тарттық. – 40 аязда біздің автобус жолда қалып қойды. Департаментіңізге, Қазақстан халқына бізді жылы жерге орналастырып, қолдау көрсеткендері үшін рахмет. Осындай суықта бізге көмектескендері, жылы жерге орналастырғандары, тамақтандырғандары үшін Қазақстанға алғыс айтамыз», – деп атап өтті эвакуацияланғандардың бірі.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын жолдардың жабылуы туралы СМС хабарламалар алған кезде жолға шықпауларын сұрайды. Жолдардың жабылуы және ауа-райы туралы ақпаратты «Darmen» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады.
Фото: КазТАГ
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі