spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін жеткізетін тағы бір аялдама пайда болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі ережелерін халыққа жеткізетін тағы бір аялдама пайда болды. Ақмола облысының Атбасар қаласында М.Әуезов көшесінде аялдаманың салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Бұл аялдама Атбасар қаласының тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігінің негізгі нормалары мен талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық көмек ретінде пайдалы болады.
«Аялдаманы ашу идеясы Атбасар ауданының азаматтық қорғау органдарының жеке құрамына тиесілі. Осылайша, Атбасар қаласының тұрғындарының назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін, қысқы кезеңде, су тасқыны кезеңінде, аң аулау және балық аулау маусымында жүріс-тұрыс ережелерін сақтау мәселелеріне аударғымыз келеді. Бұл стендтер жыл мезгіліне байланысты жаңартылатын болады», – деп атап өтті Атбасар ауданы ТЖБ бастығы Ерболат Әшкенов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Бурабай ауданы Щучинск қаласында өрт сөндіру автокөлігі үлгісінде осындай ақпараттық аялдама орнатылған болатын.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img