spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Бурабай ауданында 20 көше мен 2 мектепке жөндеу жұмыстары басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл аймақта барлығы 2,6 шақырым жолдарды жөндеуге 4 жобалық-сметалық құжат әзірленіп, 1,9 миллиард теңге қаржыға жол құрылысы іске асырылады,-деп хабарлайды «Aqmola News» Бурабай ауданының әкімшілігіне сілтеме жасап.

Өңірдегі үздіксіз жүріп жатқан жол құрылысы жұмыстары Щучье-Бурабай куротты аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді дейді әкімдіктегілер.

Бүгінде Бурабай ауданына қарасты 20 көшенің жолдары мен Щучинск қаласының 7 көшесін қалыпқа келтіру жұмыстары басталған. Аймақта әлі де жоспар бойынша жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады.

Биылғы жылы Алимусин көшесі, Мәдениет, Зеленый бор, Бурабай-Қотыр көл жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша қаражат бөлінген.

Бұл жұмыстар кезең кезеңімен «Сапа жол строй» «Титан север», «Көкшетау жолдары» сияқты ЖШС-імен арадағы жасалған келісім шарт бойынша жүзеге асырылады.

Өңірде сонымен қатар қазіргі таңда облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың әлеуметтік нысандарды қалыпқа келтіру тапсырмасына сәйкес Шучинск қаласындағы №5 және №6 мектептерге күрделі жөндеу жүргізілуде.

Биылғы жылы білім беру нысандарының жөндеу жұмыстарына 73 миллион теңге бөлінген болатын.

 

Оның ішінде Қарашілік, Савинская, Сейфуллин, №1 және №5 мектептердің шатырын ағымдағы жөндеуге 12 миллион теңге бөлінсе, 8 мектептің терезелерін ауыстыруға 28,4 миллион теңге бағытталған.

Сонымен қатар 2020 жылы Оқжетпес МҮ  де бюджеттен бөлінген 100 миллион теңгеге күрделі жөнделмек.

Майра Қуанышқызы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img