spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қарлы боранның салдарынан екі ауыл сусыз қалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінде Республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесі және өңірдегі елді-мекен аралық автожолдардың 9 учаскесі Ақмола облысында жабық күйінде қалып отыр. Блок-бекеттерде 140 бірлік техника, оның ішінде 45 жүк көлігі бар. Бүгінгі күні шиеленісті жағдай әлі де жалғасып тұр деп айтылды облыстық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңыңда өткен брифингте.

3 қаңтарда облыс жолдарында ауа-райының нашарлауына байланысты күрделі жағдай қалыптасты. Республикалық және 23 облыстық маңызы бар автожолдардың 22 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыстарға шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар бекеттер мен автожолдар блогынан құтқарушылар Атбасар, Жақсы және Целиноград аудандарындағы жылыту пункттеріне 63 адамды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала.

«14:00 – дегі жағдай бойынша Республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесі жабық күйінде қалып отыр, бұл Астана қаласы мен Қарағанды облысы, Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау және Аршалы, Егіндікөл, Қорғалжын, Целиноград аудандарында облыстық маңызы бар 9 учаске. Облыс аумағында 3 қаңтардан 04 қаңтар аралығында  Ақмола облысының басым бөлігінде боран болады деп күтілуде. Жел түнде облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде 15-20 м/с, ал облыстың оңтүстік пен солтүстігінде, шығысында жел  екпіні 23-28 м/с дейін жетеді», – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасымов.

Сондай-ақ, қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты облыста қауіпсіздік қамтамасыз ету объектілерінде апаттар тіркелді. 3 қаңтар мен 4 қаңтар аралығындағы жағдай бойынша департаментке Аршылы ауданындағы Қостомар, Берсуат ауылдарының елді мекендерінде электрмен жабдықтаудың болмауына байланысты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде  су болмағаны  туралы 9 хабарлама келіп түскен. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img