Ақмола облысында жастардың жалпы санының 79% – ы дене шынықтырумен және спортпен айналысады. Оның ішінде өңірдің спорт мекемелерінде 57 спорт түрі бойынша секцияларға 18 мыңнан астам адам келеді.
Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін спорттың қолжетімділігіне көп көңіл бөлінеді. Мысалы, облыс орталығында дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Мерген» спорт клубы жұмыс істейді, онда бүгінгі күні 255 адам шынығады. Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша дене мүмкіндіктері шектеулі 1706 адам бар, оның ішінде 500-ден астамы жастар.
Спортты дамытудың басым бағыттарының біріинфрақұрылымды жаңғырту және жаңарту. Осы ретте 10 ауданда 42 спорт алаңы ашылды.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жақсы ауданының Жақсы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру және мәдениет кешенінің, сондай-ақ, Бурабай ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Спорт ғимараттарының қолжетімділігі тұрғысынан-спорт мектептерінде үйретілетін спорт түрлері бойынша секцияларда сабақтар бюджет қаражаты есебінен тегін негізде жүзеге асырылады», – деп хабарлады Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Букубаев.