spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
14.5 C
Kokshetau

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының өнеркәсіп орындарының өндіріс көлемі 8,8 пайызға өсті. Әсіресе өсім металлургия мен химия өнеркәсібінде байқалады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев өңірдің биылғы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы өңірлік коммунткациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте айтып берді.
Спикердің айтуынша, облыс дамудың жақсы қарқынын көрсетіп отыр. Осылайша ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 18,8% – ға артты, бұл ең алдымен дәнді дақылдардан жоғары өнім алуымызға байланысты. Биыл гектарына 11,6 центнер өнімділікпен 5,4 млн. тонна астық жиналды. Жарқайың, Сандықтау, Жақсы және Есіл аудандары мол астық жинауға айтарлықтай үлес қосты (9,5%).

«Өңір экономикасына 6,5% өсіммен 465 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды. Бұл, ең алдымен, Бурабай ауданындағы «Эр Джи Голд» ЖШС тау-кен гидрометаллургиялық кешені және Аршалы ауданындағы «Эс Джи Брик» ЖШС кірпіш зауыты, Аршалы ауданындағы «Эс Джи бетон зауыты» ЖШС темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты және Целиноград ауданындағы «Посейдон » ЖШС» форель, бекіре тұқымдас балықтарды өсіру бойынша балық фермасы сияқты бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты. – деді Қанат Дүзелбаев.

Сондай-ақ, өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 26,8% – ға өскен. Жыл басынан бері 540 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл ақмолалық 4675 отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жұмыстарында да жағдай жақсы. Экономиканың барлық салаларында 18 100 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 мыңнан астамы тұрақты. Орташа жалақы 240,6 мың теңгеге дейін, яғни, 23,1%-ға өсті.
Елорда маңындағы елді мекендерде өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар іске асырылуда.Осы мақсаттарға биылғы жылы ірі қалалардың шеттерін дамыту бағдарламасы шеңберінде мәселелерді рттеуге орталық мемлекеттік органдармен республикалық бюджеттен 15 миллиард теңге қарастырылған. Жергілікті бюджеттен қосымша 2,6 миллиард теңге бөлінді.

«Бөлінген қаражат аясында 60 км көше-жол желісі салынды. Олар Жалтыркөл, разъезд 42, Жібек жолы Аршалы ауданы, Целиноград ауданындағы Қараөткел мен Талапкер елді мекендерінде. Сондай-ақ, Қосшы қаласындағы, 100 адам қабылдайтын емхана пайдалануға берілді. 280 орындық балабақша, 1200 орындық екі мектеп және Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының, су және жылумен электрмен жабдықтау желілері құрылысы жалғасуда», – деді Қанат Дүзелбаев.

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img