spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар облыстық «Бала би» байқауында шешендік шеберліктерін көрсетті

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылдың 1 желтоқсанында Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысы онлайн форматта өтті.

Сайыстың басты мақсаты – білім мен шешендік өнерін дамыту арқылы болашақ ел зиялыларын тәрбиелеу, оқушылардың бойына халық даналығы мен салт-дәстүрімізді сіңіру.

Сайысқа жалпы саны 16 топта 32 оқушы қатысты.

Қатысушы топтар сайыс барысында келесі тақырыптар аясында пікір алмасты:
1.Мемлекеттік тілдің интернет желісінде қолдану аясын кеңейтудегі инновациялық тәсілдері.
2.Әділетті Қазақстан құру жолындағы жастардың рөлі.
3.Әлеуметтік желінің қоғамда алатын орны.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерлерін бағалай отыра, келесі жеңімпаздарды анықтады:
І орын – «Сөз мәйегі» тобы, құрамында Амангелді Іңкәр, Адебиет Аяжан – Зеренді ауданы.
ІІ орын – «Хансарай» тобы, құрамында Елешұлы Нұрғиса, Нағашыбайұлы Нұрберген – Бұланды ауданы.
ІІІ орын – «Даналар» тобы, құрамында Қадырбек Айғаным, Қайркеш Жансерік – Біржан сал ауданы, Қызылұйым ауылының орта мектебі.

«Үздік уәзір» номинациясын Шортанды ауданы «Алғыр» тобының уәзірі Малчыбай Күнсұлу жеңіп алды.
«Үздік жырау» номинациясын Бұланды ауданы «Хансарай» тобының жырауы Елешұлы Нұрғиса иеленді.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Сайыс қатысушыларына сертификаттар табыс етіледі.

Құттықтаймыз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img