spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.6 C
Kokshetau

Тілге құрмет – елге құрмет

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың ұлт болып қалуы, оның болашағы, мемлекеттің әрі қарай өркендеуі бірінші кезекте оның ана тіліне байланысты. Тіл тағдыры – ел тағдыры. Тіл ұлттың ұйтқысы. Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, халқымыздың ұлттық байлығы. Ана тілін ұлықтап, оның мәртебесін арттырып отырған халықтың егемендігі баянды, тұғыры биік болады.
Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі – халқымыздың баға жетпес байлығымыз, ұрпақтан ұрпаққа жеткен асыл мұрамыз. Ол өте бай, көркем тіл. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Туған тілге деген махаббат ешқашан өшпейді.
Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен де байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретіне түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге де талап қоя алады, сөзді қалай болса солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.
Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып, білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың парызы. Себебі, біздің болмысымыз, салт-дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Тіл – ата-бабаларымыздан қалған аманат. Ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, борышымыз.
Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілі – әрбір адам үшін қасиетті, қастерлі, ұлы. Сол ана тілдің тілдер қатарынан жоғалмауы, оның әрі қарай дамуы, мәртебесінің артуы елдің әр азаматына байланысты. Біздің борышымыз, азаматтық міндетіміз өз тілімізді көздің қарашығындай сақтау, ұлықтау, бағалау, мәртебесін арттыру. Сондықтан өз ана тілімізді ұлықтап, оның мәртебесін арттыруға өз үлесімізді қосайық.

Ақмола облысы Әділет департаментнің
Әкімшілік-құқықтық бөлім

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img