Кездесулерге себеп 2022 жылдың 5 қарашасында қабылданған «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының негізгі қағидаларын түсіндіру болып табылды.
Көлік прокуроры А. Данағұл азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтетін жаға бастамалар және прокурорлар қарайтын өтініштер тізбесін кеңейту туралы түсіндірді.
Еңбек ұжымдарына прокурорлардың іс әрекеттеріне шағымдарды сотқа дейінгі реттеу тәртібі, сондай-ақ оларды қарау қорытындылары бойынша қабылданатын мерзімдер мен шаралар жеке жеткізілді.
Сондай-ақ, прокурорлардың кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласында тексерулер тағайындау жөніндегі қосымша өкілеттіктері айтылды.
Көкшетау көлік прокуратурасы