spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Сорос Қазақстан» қорынан Көкшетау қалалық ауруханасына 1000 респиратор табыс етілді

Сондай-ақ...оқыңыз

«Med Invest First» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «ОрдаМед» компаниясымен бірлесіп «Сорос Қазақстан» қоры есебінен Көкшетау көпбейінді қалалық ауруханасына Оңтүстік Кореяда жасалған 1000 респираторды табыс етті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Игілікті іс жайлы Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазіргі таңда шетелдік түрлі қауымдастықтар сияқты бірігіп дәрігерлерімізге қандай да бір пайдалы көмек жасайтын уақыт. Біз де игі істен құр қалмай әлеуметтік жауапкершілік танытуды жөн көрдік.  Медициналық ұйымды кездейсоқ таңдалған жоқ. Өйткені, Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы базасында коронавирус инфекциясы анықталуы мүмкін тұлғаларға арналған провизорлық стационар  орналасқан, – деді «ОрдаМед Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Василий Огородников.

Компания мұнымен қоса аталған медициналық мекемеге көзге зиянды заттар мен вирустың енуінің алдын алу үшін COVID-19 қорғауға арналған қорғаныс көзілдіріктерін де алып бермек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img