spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Тәуелсіздікке орай жаңа нысандар пайдалануға берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәуелсіздік күні біздің еліміз үшін аса маңызды ерекше күн екені рас. Өйткені дәл осы күннен Қазақ елінің заманауи жаңа тарихы бастау алды. Сондықтан жыл сайын Тәуелсіздік күнінің мән-маңызына орай көптеген ісшаралар өткізіледі. Ақмола облысының бірқатар аудандарында да Тәуелсіздік күніне арналып түрлі нысандар мен тұрғын үйлер пайдалануға берілді, – деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі

Мәселен Ақкөл ауданының Қарасай ауылдық округында «Akkol beef» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ашылуы болып өтті.

Аталған жобаның жалпы құны 320 миллион теңгені құрайды. Ет өндіру бағытында қазақтың ақбас сиырын өсіруді қолға алған кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 100 бас ірі қара алуды жоспарлап отыр. Ашылу салтанатында жұмысшылардың саны 5 адам болса, жобалық қуаты толық күшіне қосылғанда жұмыс орнын онға жеткізу жоспарланыпты.

Басшылық пен қатысушыларды жаңа нысанның ашылуымен Ақкөл ауданының әкімі Алпысбай Қайыржанов:

-Мұндай фермалар ауылдағы жаңа жұмыс орындары, кепілді жалақы мен салық, ең бастысы ауыл өмірінің гүлденуіне септігін тигізетін болады. Мұнда мал шаруашылығын дамтыуға өте қолайлы жаңа технологиялар мен жабдықтар қойылған. Бұл ауданымыз және тұтас еліміздің экономикасына зор үлесін қосады. Мемлекеттің қолдауының арқасында заманауи өндірістік орындар пайда болуда. Баршаңызды келе жатқан еліміздің ең басты мейрамы – Тәуелсіздік күнімен және ауданымыздағы жаңа ауыл шаруашылық нысанының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Ет өндірісі жоғары сапада әрі бәсекеге қабілетті болуын тілеймін.

Нысанның ашылу салтанатынан кейін қатысушылар ет бағытындағы ферманың жұмыс барысымен танысты.

«Тәуелсіздік мерекесі Щучинск қаласының бес отбасы үшін қос бірдей мерекеге айналды. Бурабай ауданының әкімі мәдениет үйінде көп балалы отбасыларына өз қолымен көптен күткен пәтерлердің кілтін табыс етті. «Жаңа қоныс иелерін көптен күткен қуанышы – баспанаға қол жеткізуімен құттықтаймын. Әр отбасына береке мен бірлік ұя салып, баршамызға үлгі –өнеге болуын тілеймін. Ауданымызда осындай сыйлықтар тұрақты түрде жүзеге асуына бар күш-жігерімді салатын боламын», – деді аудан әкімі Әсет Мұздыбаев.

Ал Степняк қаласының тұрғыны Анастасия Тәукелова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша «Eco cleaning» экологиялық құралдарымен жұмсақ жиһаздар мен кілемдерді химиялық тазарту жөнінде «Тәукелова» жеке кәсіпкерлігінің ашылуына 505 000 теңге сомасына грант алды. Тәуелсіздік күні қарсаңында аталған химиялық тазарту орнының салтанатты ашылуы өтті. Бұл жеке кәсіпкердің негізгі бағыты кілемдерді, жұмсақ жиһазды химиялық тазарту және киімдерді жуу болып табылады. Мұнда барлық жұмыстар алдыңғы қатарлы әдістермен көп уақыт бұрын кірлеген заттарды қысқа уақытта тазартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ аудан әкімі Ермек Нұғыманов көп балалы отбасыларға үш пәтерлі тұрғын үйлердің кілтін табыс етті. Лаура Нұғманова, Клавдия Сакур және Нина Зыковалардың отбасылары көптен күткен баспанаға ие болып бақыттан бал-бұл жанды.

«Біздің бірінші кезектегі міндетіміз халықты әлеуметтік жағынан қолдау болып табылады. Мұқтаж адамдарға тұрғын үй беру біз үшін үлкен қуаныш. Қолға алынған бағдарламалар бүгінде сәтті жүзеге асырылуда. Сонымен қатар тиісті мекемелерге келіп білікті қызметкерлердің қатарын толықтырған білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары мен кезектегі азаматтарға 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Мұның бәрі біздің азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталып отыр», – деді Ермек Бекенұлы.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img