spot_img
Бейсенбі, Шілде 2, 2026
19.3 C
Kokshetau

Ауылда сұйық май қалаға қарағанда көп тұтынылады – статистика

Сондай-ақ...оқыңыз

Қала тұрғындары күнбағыс майын ауыл тұрғындарына қарағанда аз тұтынады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

«Орта есеппен екінші тоқсанда жан басына шаққанда үй шаруашылықтары 3,5 литр күнбағыс майын тұтынған.

Ауыл тұрғындары үй шаруашылығында тоқсанына 3,7 литр май жұмсаса, қалалық жерлерде тұтыну көрсеткіші 3,3 литрді құрады», – делінген ведомство мәліметінде.

Биылғы қыркүйек айында күнбағыс майының бір литрі бөлшек саудада орта есеппен 891 теңгеден сатылды.

Өңірлер арасында майдың ең қымбат бағасы Қонаевта (1001 теңге) тіркелсе, ең арзан баға Өскемен қаласында литрі үшін 743 теңге.

Фото: agrosektor.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы азаматтардың жеке деректерін қорғауды мемлекеттің басты басымдықтарының бірі ретінде бекітті. Енді әр адамның жеке өмірінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика